Спорт

Азиада-2023: Ұлттық құрама медальдар кестесінде тоғызыншы орынға көтерілді

kaztag.kz

Азия ойындары ертең мәресіне жетеді.

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынға көтерілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан құрамасы Бахрейнді басып озып, 10-нан 9-сатыға жайғасты.

Қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 алтын, 20 күміс, 44 қола медаль бар.

Медальдар кестесінде Қытай құрамасы (187 алтын, 104 күміс, 62 қола) көш бастаса, екінші орында Жапония (47, 57, 62), одан кейін Корея (36, 49, 84), Үндістан (22, 34, 39), Өзбекстан (20, 18, 26) спортшылары келеді.

Айта кетейік, Азия ойындары ертең мәресіне жетеді.