Спорт

Азиада чемпионы атанған Софья Берульцева: Бұл – менің емес, команданың жетістігі (ВИДЕО)

Ашық дереккөз

Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанды.

Азиада чемпионы атанған каратеден ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева эксклюзивті сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz qazsport арнасына сілтеме жасап.

"Бәрі жоспардағыдай болды. Команда осы жетістікті жалғастыра берсін! Жалпы каратэ бойынша жарысты жақсы бастадық. Алғашқы күні айқасатын спортшыларда үлкен жауапкершілік болған.

Бұл жерде әркімнің өз еңбегі бар. Десе де бұл жүлде - команданың жетістігі. Өзім үшін ғана емес, командам үшін қуаныштымын. Ертең тағы бір жерлесіміз бақ сынайды, оған қолдау көрсетеміз. Ол да алтыннан алқа тақса, жақсы болушы еді.

Басты қарсылас жапон елінің спортшысы болған. Сол финалға шығады деп ойладым. Финалдық кездесу өте жеңіл өтті демеймін. Десе де үміт ақталды", - деді спортшы.