Емші Ерболсын Серікбаев: Ресейге көшуге мәжбүр болдым
Қатын-қалаш айтса, түсінер едім, білімді ағаларым осылай деген соң жүрегім ауырды
Қаршадайынан халыққа «Үкілі бала» есімімен танымал Ерболсын Серікбаев қазір Ресейде тұрып жатқанын айтты,– деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Бұл туралы Ерболсын Серікбаев Серікқазы Аязбаевпен сұхбатында айтты. Мәскеуде тұрып жатқанына үш айдан асқан емші Ерболсын Қазақстаннан көшуге не себеп болғанын сұхбат барысында түсіндірді.
Екінші рет отау құрған Ерболсын қамшысын әлі де қолынан тастамағанын, медицина саласында жоғары білім алып, науқастарды сапалы емдеп жатқанын жеткізді. Десе де, елдің қиқу сөзі Ерболсынды шаршатыпты. «Жын кіріп кеткен» деген сөзді қатын-қалаш айтса, түсінер едім, білімді ағаларым осылай деген соң жүрегіме батты,-дейді ол.
Емші бала тек адам емдеумен ғана емес, өнермен де айналысып жүргенін, ресейліктерге қазақтың домбырасын кеңінен танытқысы келетінін айтты.