Қоғам

18 қазанда елімізде телеарналар мен радио жұмыс істемейді

Қазан айында екі күнге телеарналар мен радио жұмысы тоқтайды.

Қазақстанда 18 қазанда жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты телеарналар мен радио жұмыс істемейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты цифрлық эфирлік телевидение (DTTV) арналары мен келесі радиоарналар өшеді: Qazaqstan, Qazsport, Balapan, Хабар, Хабар HD, Хабар 24, Ел Арна, 7 Канал, Atameken Business, Мир, Первый канал Евразия, КТК, НТК, 31 канал, Almaty, СТВ, HIT TV, MUZZONE TV, Жетісу, Той Думан, Atameken Business, MUNARA TV,Qazsport, Balapan, Хабар,Jibek joly, Astana TV, QAZAQ Radiosy, SHALQAR Radiosy, Classic Radiosy, Европа плюс Казахстан, Русское радио Азия, Радио NS, Ретро FM Qazaqstan, Жулдыз FM,Авторадио Казахстан, Народное радио, Радио ДАЧА, Love radio, Energy FM,LUX FM, Эльдорадо Алматы, Radio City, Radio MONTE CARLO, Той Думан радиосы, Orda FM, Beu FM, Business FM.