Қазақстандық каратэші Данияр Юлдашев финалға жолдама алды

7 қазан, 2023 / Ақмарал Берекет
Ашық дереккөз
Тағы бір отандасымыз Азия ойындарының финалына шықты.

Каратэден 84 келі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Юлдашев 3 қарсыласын жеңіп, алтынға таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жарыс жолында қазақстандық спортшы Тиирапат Канабкаевты 6:2, Чун Вей Вуды (Тайпей) 7:4, Мохаммад Әл-Жафариді 4:0 есебімен ұтты.

Енді финалда Малайзия спортшысы Бин Аб Маликпен жолығады.

Тэгтер:

спорт Азия ойындары Азиада-2023 каратэ Данияр Юлдашев