Спорт

Парашютпен секіру сайысында тәжірибелі спортшы қаза тапты (ВИДЕО)

Видеодан алынған кадр

Қайғылы оқиға Шешенстанда болған.

Парашютпен секіруден Ресей кубогының финалында тәжірибелі спортшы Дмитрий Беляев тізгінге ие бола алмай, қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Шешенстанда болған. Бұған дейін Беляев 3700 рет секірген еді.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, қонуға сәл қалғанда парашютші қателік жіберіп, маневр биіктігін есептемеген, нәтижесінде ол вертикаль жылдамдықпен суға құлаған.

Оқиға орнында құтқару қызметтері, соның ішінде мобильді апаттық медицина бөлімшесі болды. Медицина қызметкерлері Дмитрийдің өмірі үшін реанимациялық шаралар жүргізді. Дәрігерлер спортшының өмірін сақтап қала алмады", - деп хабарлайды Godskay әуе жаттығу орталығының баспасөз қызметі өкілдері. 

Оқиғаның жантүршігерлік видеосы желіде тарап жатыр.

Ресейдің спорт шебері Дмитрий Беляев 1978 жылы дүниеге келген, парашюттен секіру құрамасының мүшесі болған.