Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бүгін Азия ойындарында 7 медаль жеңіп, жалпы есепте жоғары көтерілді

Фото: sports.kz

Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және үш қола жеңіп алды.

Бүгін Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және үш қола жеңіп алды. Жалпы, 2023 жылғы Азия ойындарында отандық спортшылар осы уақытқа дейін 68 медаль иеленді: 9 алтын, 18 күміс және 41 қола. Жалпы командалық медальдық есепте Қазақстан 10-орында.

Құрлық біріншілігінің көшбасшысы Қытай құрамасы 353 медаль (187 алтын, 104 күміс және 62 қола) алды. Медальдық есепте Жапония 166 медальмен (47 алтын, 57 күміс және 62 қола) екінші орында. Оңтүстік Корея 169 медальмен (36 алтын, 49 күміс және 84 қола) үшінші орында. Өзбекстан бұрынғысынша посткеңестік кеңістіктегі елдер арасында ең жоғары орында тұр –бесінші орында (64 медаль: 20 алтын, 18 күміс және 26 қола).

Қырғызстан – 16-орын (13 медаль; 4-2-7), Тәжікстан – 24-орын (7 медаль; 2-1-4) және Түркіменстан – 29-орын (5 медаль; 0-1 -4).

2023 жылғы Азия ойындарында үздік ондықтағы елдер:

1. Қытай – 187-104-62 (353)

2. Жапония - 47-57-62 (166)

3. Оңтүстік Корея - 36-49-84 (169)

4. Үндістан - 22-34-39 (95)

5. Өзбекстан – 20-18-26 (64)

6. Тайвань - 17-16-25 (58)

7. Солтүстік Корея - 11-18-10 (39)

8. Тайланд - 10-14-30 (54)

9. Бахрейн - 10-3-5 (18)

10. Қазақстан - 9-18-41 (68).