9 айда БЖЗҚ-дан 195 млрд теңгеден астам ақша алынды
Шешілген қаражатты жұмсаудың негізгі бағыты тұрғын үй жағдайларын жақсарту болып қалып отыр.
Биылғы 9 ай ішінде зейнетақы жинақтарын алуға 127,1 мың өтініш түскен. Жалпы сомма – 195,2 млрд теңге, деп хабарлайды turkystan.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.
Шешілген қаражатты жұмсаудың негізгі бағыты тұрғын үй жағдайларын жақсарту болып қалып отыр. Бұл мақсатта қаражаттың үштен екісі – 118,5 млрд теңге, барлық орындалған өтініштердің жартысынан көбі жұмсалған.
Емделу үшін де біршама қаражат шешілген:72,7 млрд теңгеге 55,4 мың орындалған өтініш.
Тағы 4 млрд теңге жеке басқаруға берілді. Орындалған өтініш саны – 3,3 мың.