Жаңалықтар

"Пәтерімді күтіп отырмын": Тәуекел Мүсілім шетелге көшетінін айтты

Кастингке қатысып, бағымды сынап көремін, – дейді актер.

Актер Тәуелкел Мүсілім шетелге көшпекші. Актердің сөзінше, ол Түркиядағы пәтерінің дайын болуын күтіп отыр. Бұл туралы ол Revue news бағдарламасында айтты.

Актер Түркияның кино нарығын бағындыру үшін бақ сынап көруді жоспарлап отыр екен.

Түркиядан пәтер алдық. Сол пәтерді күтіп отырмыз. Осы жылдың аяғында дайын болып қалады. Сол жерге барып, сол ортаға кіру жоспарда бар. Жарты жыл, бір жыл сонда жүріп, Стамбул қаласында кастингке қатысып, бағымды сынап көремін, – дейді актер.