Азиада-2023: Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтын медаль түсті

6 қазан, 2023 / Меруерт Сағымхан
Туризм және спорт министрлігі
Азия ойындарында каратэші Қайсар Алпысбай алтын медаль алды.

Азия ойындарында каратэші Қайсар Алпысбай алтын медаль иеленді, деп хабарлады turkystan.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахты жеңіп, ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені салды.

Тэгтер:

Азиада-2023 Қайсар Алпысбай