Белігілі әнші Қайрат Нұратастың кенже інісі Заңғар Нұртас Түркістан қаласында сүйіктісіне сөз салды.
Заңғар Индираға ерекше сөз салу үшін қатты дайындалған.
«Өмірімдегі маңызды сәтті ақылдасу үшін 2 күн бұрын киелі Түркістанға барып келдім. Түбім Түркістаннан болған соң Индираға осы жерде сөз салуды қаладым. Кешкі сағат 9-да бәрі болады. Экран ашылып, оннан нөлге дейін кері есеп кетеді. Одан кейін отшашу атылып, мен гүл беремін», – дейді ол.
Әлеуметтік видеоға ұсыныс жасаған сәтінен видео жариялаған. Онда Заңғар Нұртас сүйіктісіне «Еркетай, еркем менің жалғызым, Табиғатың ерекше, дарамысың?! Өмірдің ақ-қарасын бірге төзіп, мәңгілік сүйікті жарым болармысың» деп сезімін білдірген.
Желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Бақыт тілеймін, бауырым», «Бақытты күндерің көп болсын», «Жүзі жылы, ажарлы екен», - деді оқырмандар.