Азиада-2023: джиу-джитсудан Галина Дуванова күмісті еншіледі

6 қазан, 2023 / Меруерт Сағымхан
bizmedia.kz
Галина Дуванова финалдық бәсекеде Филиппин спортшысы Анние Рамирезке 0:2 есебімен ұтылды.

Джитсерші Галина Дуванова Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Джиу-джитсудан 57 келі салмақта әлем чемпионатының 3 мәрте қола жүлдегері Галина Дуванова финалдық бәсекеде Филиппин спортшысы Анние Рамирезке 0:2 есебімен ұтылып, 2-орынға ие болды.

Тэгтер:

Азиада-2023 джиу-джитсу Галина Дуванова