Жаңалықтар

Азиада-2023: ескек есушілер ел қоржынына жүлде салды

olympic.kz

Азия ойындарында Александр Куликов пен Екатерина Таранцева​​​​​​​ өнер көрсетті.

Слаломда ескек есуден Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Александр Куликов пен Екатерина Таранцева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, финалда қазақстандық атлет Александр Куликов 101.04 ұпай алып, жарыс қожайыны Юаньцун Се мен өзбекстандық Анвар Клевлеевке жол берді.

Cәл ертеректе ол жартылай финалда 5-орын алып, ақтық сынға шыққан. Куликов 2018 жылы Джакарта қабылдаған құрлық ойындарында қола жүлдеге ие болған. Бұдан бөлек, 2014 жылғы Инчхондағы додада бақ сынап, 6-орыннан көрінген, Азия чемпионатының 4 дүркін жүлдегері.

Сонымен қатар, слаломда ескек есуден Екатерина Таранцева да ел қоржынына жүлде салды. Ұлттық құрама сапынан жекелей сында Екатерина Таранцева финалда өнер көрсетіп, 115.71 ұпаймен үшінші орын алды.