Саясат

Қытай Қазақстанға талап қойды

ашық дереккөз

Екі ел арасындағы визасыз режим күшіне енген жоқ.

Қазақстан мен Қытай азаматтары шекараның арғы жағында 30 күннен аспайтын уақыт аралығында визасыз жүру мүмкіндігін пайдалана алмай отыр, деп хабарлады Turkystan.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың мәлімдеуінше, Қытай Қазақстанға визасыз режим туралы келісімді жүзеге асыру үшін азаматтарға қатысты ақпарат алмасу туралы келісімге қол қоюды және құжатты ратификациялау туралы талап қойған.

«Қытай тарапы қазір визасыз жұмыс істей бастаса, онда туристердің саны көбейетінін түсініп отыр. Заңсыз көші-қонды бақылау үшін осы келісімді ратификациялау қажет», – деді вице-министр.