Жаңалықтар

Жас жұбайлар үйлене салып, 3 минуттан соң ажыраcқан

ашық дереккөз

Жас жұбайлар бар болғаны 3 минут некеде болып, рекордты жаңартқан.

Кувейтте екі жас некелері қиылғаннан кейін 3 минуттан соң ажырасып кетті, деп хабарлады turkystan.kz mir24.tv сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға қатысқан қонақтардың бірінің айтуынша, неке қию рәсімінен кейін жас келін аяғы тайып құлаған. Ал ер адам оны тұрғызудың орнына күліп, келемеждеген. Бұны естіген қалыңдық жылап, сол жерде некесін қиған адамға екеуін ажырастыруын сұраған. 

Жас жұбайлар бар болғаны 3 минут некеде болып, рекордты жаңартты.