Қазақстанда қатерлі ісік жасанды интеллект арқылы емделеді
Жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 460,7 млрд теңге бөлінеді.
Қатерлі ісікке қарсы кешенді жоспарға Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлады Turkystan.kz.
2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарда қатерлі ісікті жаңа әдіспен емдеуге басымдық берілген. Мамандар қатерлі ісікке қарсы күресте телемедицина мен жасанды интеллектің мүмкіндігін пайдаланады.
Болжам бойынша, жасанды интеллект онкологиялық аурулардың асқынуын 10%-ға дейін төмендетіп, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендетеді.