Азиада-2023: каратэші Қайсар Алпысбай финалға шықты

6 қазан, 2023 / Анель Жарылғасын
Ашық дереккөз
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай финалға шықты.

Қазақстандық каратэші 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда индонезиялық Ари Сапутраны 12:3 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қайсар Алпысбай финалға жолдама алып, алтын үшін таласатын болады.

 

Тэгтер:

Азия ойындары Азиада-2023 Қайсар Алпысбай Каратэші