Жаңалықтар

Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?

Фото: ашық дереккөз

20 миллионыншы қазақстандық қараша айында дүниеге келеді.

Ел халқының саны 20 миллионға жуықтады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Болжам бойынша, 20 миллионыншы қазақстандық қараша айында дүниеге келеді. Әлеуметтік желіде қазақстандықтар 20 миллионыншы қазақстандық қай өңірде дүниеге келетініне болжам жасады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны – 19 946 944 адам. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 368 662, ауыл тұрғындары – 7 576 064. Әйелдер 10 205 957 болса, ерлер 9 738 769-ға жеткен.

Биылғы тоғыз айда 258 011 адам дүниеге келіп, 85 989 адам қайтыс болған. 17 200 адам елге көшіп келсе, 11 303 адам көшіп кетті.