Қамшыбек Қоңқабаев: келесі жолы екі бас жоғары бокстасып, сұлатып түсіруге тырысамын (ВИДЕО)
Қамшыбек «Қазақ еліне алтын сыйласам деген үлкен үміт болды» дейді.
Азия ойындарының финалында өзбекстандық Баходир Джалоловқа есе жіберген Қамшыбек Қоңқабаев кездесуден кейін журналистермен тілдесті. Қазақстан бокс федерациясының инстаграмдағы ресми парақшасында жекпе-жектен соң өз ойын ортаға салды.
«Қазақ еліне алтын сыйласам деген үлкен үміт болды. Пәлен-түген демеймін. Болар іс болды. Мойымаймыз. Құдай қаласа, келесі жолы бір бас емес, екі бас жоғары болып, Парижде алтын сыйлауға Алла Тағала нәсіп етсін. Құдай қаласа, сол жолда еңбек етеміз. Екінші раундтан бастап оның шаршағанын сездім. Мен рингтің ішінде болдым. «Былай болды», «Олай болды» деп айтқан еркектікке жатпайды. Қолды көтерген жоқ. Құдай қаласа, келесі жолы екі бас жоғары бокстасып, сұлатып түсіруге тырысамын. Айқын жеңіспен жеңуге тырысамын. Бұдан да жақсы өнер көрсетуге болады. Жекпе-жек жеңген кезде ұнайды. Мұны әрбір спортшы біледі. Алла қаласа Парижде алтын жүлдені жеңіп аламын. Іспен дәледеуге бар күш-жігерімді саламын. Бір бас емес, екі бас жоғары ұруға тырысамын», – дейді боксшы.