Азиада-2023: Сәкен Бибосыновты жарыс жолынан тайдырған Хасанбой Дусматов чемпион атанды

5 қазан, 2023 / Дана Ізтілеуова
ашық дереккөз
Хасанбой Азиаданың 1/8 финалында Сәкен Бибосыновты жеңген еді.

 Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан ол ақтық сында Таиланд өкілі Тхитисан Панмодті төрешілер шешімі бойынша жеңіп, алтын жүлде иеленді.

Олимпиада және әлем чемпионы саналатын Хасанбой Азиаданың 1/8 финалында Сәкен Бибосыновты жарыс жолынан тайдырған болатын.

 

Тэгтер:

Азиада-2023 Сәкен Бибосынов Хасанбой Дусматов Азиада ойындары