Шетелдіктер ЭКСПО қалашығындағы 342 пәтерді резервтеп үлгерді
Шетелдіктер ЭКСПО қалашығындағы 342 пәтерді резервтеп үлгерді
Астанада өтетін халықаралық көрмеге қатысуға ниетті шетелдіктер ЭКСПО-қалашықтағы 342 пәтерді алдын ала резервтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ербол Шорманов мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта бізде 342 пәтер резервтелді және бұл үдеріс жалғасуда. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысында барлық өкілдерге осы мәселеде белсенділік танытуға шақырдық. Атап айтқанда, олар бұл пәтерлерді дер кезінде брондауы тиіс»,-деді Шорманов.
Көрме қонақтары үшін салынған ЭКСПО қалашығының аумағында 1 374 пәтер бар. Халықаралық көрме кезінде Астанада Ұлттық секциялар комиссарлары, павильон қызметкерлері үш ай бойы осы пәтерлерде тұрғылықты орынмен қамтамасыз етілмек. Қазақстанның шетел азаматтарына қолайлы болу үшін жасалған тағы бір жеңілдік - 45 мемлекетке визасыз режімді енгізілуі.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 10 маусымында басталатын ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 қыркүйекте аяқталады.