Жаңалықтар

Азиада-2023: Нұрқанат Әжіқанов ел қоржынына сегізінші алтынды салды

olympic.kz

Нұрқанат Әжіқанов Иордания өкілі Хасан Масарвехтен 8:0 есебімен басым түсті.

WKF каратэден Ұлттық құрама спортшысы Нұрқанат Әжіқанов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалында жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Prosports.kz сайтының мәліметінше, ол финалда Иордания өкілі Хасан Масарвехтен 8:0 есебімен басым түсіп, алтын жүлдені жеңіп алды.

Нұрқанат 2021 жылы Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған, әлем чемпионатында 2 мәрте қола жүлде жеңіп алған, 3 дүркін Азия чемпионы.