Жаңалықтар

Азиада-2023: Лаура Әліқұл каратэден финалға шықты

Спортты дамыту дирекциясы Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/sport/2039694-laura-aliqul-aziadanyn-finalyna-zoldamany-zenip-aldy/

Лаура Әліқұл Индонезия атлеті Сейко Джорджия Зефаньяны 5-1 есебімен жолда қалдырды.

WKF каратэден Ұлттық құрама спортшысы Лаура Әліқұл Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лаура жартылай финалда 2 дүркін Азия чемпионы атанған Индонезия атлеті Сейко Джорджия Зефаньяны 5-1 есебімен жолда қалдырды. Оның алдында 68 келіде бақ сынайтын қазақстандық тағы бір 2 дүркін Азия чемпионы Хуонг Зи Динхты (Въетнам) 7-4 есебімен жеңген.

Алтын медаль үшін ол жарыс қожайыны, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері Цяоцяо Лимен күш сынасады.