Азиада-2023: қазақстандық велошабандоз алтын медаль алды

5 қазан, 2023 / Меруерт Сағымхан
olympic.kz/
Қазақстандық велошабандоз 207,7 шақырым қашықтықты 4:25:29 уақытта жүріп өтті.

Қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Ханчжоудағы Азия ойындарында алтын медаль алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Prosports.kz сайтының мәліметінше, Федоров топтық жарыста топ жарды. Ол 207,7 шақырым қашықтықты 4:25:29 уақытта жүріп өтті.

Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Луценко мәреге екінші болып келді.

Айта кетейік, бұған дейін Луценко жекелей жарыста жеңіске жеткен болатын.

Тэгтер:

алтын Азиада-2023 Қазақстандық велошабандоз