Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету қажет

ашық дереккөз

«Бұл – Үкіметтің алдындағы шұғыл міндет»

Республикалық педагогтер съезінде Мемлекет басшысы білім беру үдерісін цифрландыру қарқынын жеделдету маңызды екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

«Цифрлық шешімдер озық педагогикалық тәжірибені тез әрі тиімді түрде кеңінен таратуға мүмкіндік береді. Сол арқылы шалғай аудандардағы  оқушыларды еліміздің және әлемнің үздік ұстаздарының материалдарымен және сабақтарымен қамтамасыз етуге болады», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әлемнің беделді оқу орындарымен бәсекелесе алатын мықты мектептер бар екеніне назар аударды.

«Бірақ мұндай білім ошақтарында балаларымыздың жүзден бір бөлігі ғана оқиды», – деді Мемлекет басшысы.

Президент еліміздегі барлық ауыл мектебіне жылдамдығы жоғары интернетті қолжетімді ету мәселесін шешу аса маңызды мәселе екеніне назар аударды.

«Бұл – Үкіметтің алдындағы шұғыл міндет», – деді Мемлекет басшы.