Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз

ашық дереккөз

2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде баяндама жасады, деп хабарлайды Turkystan.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент мемлекет білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырғанын атап өтті. 

«Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. «Болашақ» бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді. Бір сөзбен айтқанда, біз, ең алдымен, білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз», – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың барлығы алынып тасталғанына тоқталды.

«Менің бастамаммен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданды. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды», – деді Президент.