Жаңалықтар

Азиада-2023: бүгін кімдер сайысқа түседі

olympic.kz

Бүгін Қазақстандық каратэ және джиу-джитсу шеберлері Азия ойындарында ойын көрсетуін бастады.

Қазақстандық каратэ және джиу-джитсу шеберлері Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында ойын көрсетуін бастады, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

5 қыркүйекте ел құрамасынан Нұрқанат Әжіқанов дүбірлі додадағы алғашқы жекпе-жегінде непалдық қарсыласымен бәсекеге түседі. Ал қазақстандық Лаура Әліқұл жартылай финалда сайысқа түседі.

Сондай-ақ, джиу-джитсу спортынан Алдияр Серік, Мансұр Хабибулла, Дархан Нортаев, Нұржан Батырбеков, Назгүл Рахаева, Әсемхан Исаханова Азиададағы бастапқы кезеңдердегі сайыстарын өткізеді.

Оған қоса грек-рим күресінен Ислам Умаев пен Әлімхан Сыздықов ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Әйелдер күресінен Светлана Анкичева, Марина Седнева және Эмма Тисина боз кілемге щығады.

Айта кетсек, бүгін бокстан ерлер мен әйелдер арасында бәсекелер болады. Ел құрамасынан Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) және Карина Ибрагимова (57 келі) финалда ойын көрсетеді.

Қазақстандық велошабандоздар Алексей Луценко, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Глеб Брусенский топтық сайыста сынға түседі.

Қазақстандық спортшылар есу слаломында сайысқа түссе, гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 3-орын үшін Қытаймен ойнайды.

Бүгін жеңіл атлетика бағдарламасы аяқталады.

Қазір ел құрамасы еншісінде 51 медаль (5 алтын, 11 күміс, 35 қола) бар. Медальдар кестесінде 13-орында тұр.