Жаңалықтар

Семейде полицейлер жерасты өткелінен "елес қызды" ұстады

ашық дереккөз

Қала тұрғындары жаппай полицияға шағымданған.

Семейде полицейлер жерасты өткелінен елес қызды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz @abainewskz порталына сілтеме жасап.

Өткен жексенбіде қаланың жерасты өткелдерінің бірінде 22 жастағы қыз "қанды елес" костюмін киіп, адамдарды қорқытқан. Сол сәтте екінші бір адам адамдардың реакциясын бейнетаспаға түсіріп тұрған.

Қала тұрғындары бұдан соң жаппай полицияға шағымданған. Полицейлер "елес қызды" тауып, кім екенін анықтаған.

"Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі – ұсақ бұзақылық бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін іс қозғалды. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 69 000 теңге көлеміндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады облыс ПД.

instagram/@policesemey