Жаңалықтар

Ақерке Бүркітбай кейінгі кезде өзін мазалап жүрген жағдай туралы айтты

Фото: ашық дереккөз

Қобызшы Ақерке Бүркітбай кейінгі кезде артық салмақтан арыла алмай жүргенін айтты.

Жуырда сәби сүйіп, ана атанған «Assyl» тобының мүшесі, қобызшы Ақерке Бүркітбай кейінгі кезде артық салмақтан арыла алмай жүргенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желіде оқырмандарынан кеңес сұрады.

«Емізетін аналарға сұрағым бар. Не істейміз? Қалай арықтаймыз? Таңертең тұра сала қарным ашып, тамақ ішкім келіп, бір қойды өзім жейтіндей болып оянамын. Енді отырысым мынау, қара нан мен қаймақ жеп. Осыдан кейін қалай арықтауға болады, миыма сыймайды. Тәбетіміз ашылып тұрса қалай өз-өзімізді қолға аламыз», – дейді ол.

Айтуынша, босанғаннан кейін бұрынғы салмағына оралу қиындай түскен.

«Босанған кезде 80 келі болғанмын. Балам 2-3 айға толғанда салмағым 68 келіге дейін түсті. Қазір сол салмақпен жүрмін. Негізі мен 55-57 келі салмақпен өзімді жайлы сезінемін. 10-13 келіні қалай тастаймын? Бірден арылу мүмкін емес. Бірақ жарты жылдың ішінде артық салмақты тастау керек. 13 келі дегенді ойласам, өте көп сияқты көрінеді. Ештеңе зауқым болмай, көңіл күйім түсіп кетеді. Бірақ қалай да өзімді қолға алуым керек», – дейді өнер иесі.