Жаңалықтар

Асыланбектен жеңісті «ұрлап алған» боксшы жекпе-жек өткізбей чемпион болды

Фото: Sports.kz

Севон Окадзава 2023 жылғы Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алса, Чиа Вэй Кань құрлық біріншілігіндегі өнерін күміспен аяқтады.

2023 жылы Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының 71 келі салмақ дәрежесінде жапондық боксшы Севон Окадзава чемпионы атанды, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтық кездесуде Окадзава Тайвань өкілі Чиа Вэй Каньмен жұдырықтасуы керек еді, бірақ ол рингке шықпады. Нәтижесінде жапондық жекпе-жексіз жеңімпаз деп танылды.

Осылайша, Севон Окадзава 2023 жылғы Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алса, Чиа Вэй Кань құрлық біріншілігіндегі өнерін күміспен аяқтады.

Айта кетейік, жартылай финалда Окадзава қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергеновпен кездесіп, өте күмәнді шешіммен жеңіске жетті.