Жаңалықтар

Карина Ибрагимова Азия ойындарының ақтық сынына өтті

Карина Ибрагимова – әлем чемпионатының үш мәрте жүлдегері.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова финалға жолдама алды, деп хабарлады  turkystan.kz.

57 келіде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Тәжікстан спортшысы Мижгона Самадовамен жұдырықтасты. Тартысты жекпе-жекте  спортшымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Финалда Карина әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы, тайпейлік Ю Тин Лимен кездеседі.