Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өміріне қатысты қауесетке нүкте қойды
Өнер иесі ел арасында қаңқу сөз таратқандарға арнап, жұбайының суретін жариялаған.
Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өміріне қатысты әңгімелерге нүкте қойды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі ел арасында қаңқу сөз таратқандарға арнап, жұбайының суретін жариялаған.
«Махаббат еркіндікте болу керек, ғашық болу сезімі – ешкімнен қысылмай еркелеп жүру. Жүрегім махаббатқа толы, шүкір, бір-ақ жанға ғашықпын, ол күннен-күнге күшейіп барады, шүкір. Жұлдызайдың күйеуі жоқ, жасы үлкен біреуге шыққан, содан көрсетуге ұялады екен деп сыртымнан өсек айтып жүргендер үшін» деп жазды актриса.