Жаңалықтар

Астана халықаралық әуежайы жөндеуге жабылады

astana.citypass.kz/

Әуежай 11 қазан, 16 қазан және 18 қазан күндері 13:20 — 17:20 уақыт аралығында жабық болады.

FLyArystan әуе компаниясы Астана халықаралық әуежайының жөндеу жұмыстарына жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.

«Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 11 қазан, 16 қазан және 18 қазан күндері 13:20 — 17:20 уақыт аралығында жабылатынын хабарлаймыз. Әуежайдың жабылу себебі — ұшу-қону жолағында жүргізілетін жөндеу жұмыстары»,- делінген компания хабарламасында.