Жаңалықтар

"Белін қылдырықтай қылдым, кеудесін, иығын аштым": Баян Алагөзова Айгүл Иманбаева туралы

ашық дереккөз

"Өте қарапайым еді. Бірақ сол кездің өзінде Айгүл Иманбаева деген аты болатын".

Продюсер Баян Алагөзова Айгүл Иманбаеваны шоу бизнеске қалай әкелгені туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz "Дастархан" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

“Айгүл маған өзі келді. Өте қарапайым еді. Бірақ сол кездің өзінде Айгүл Иманбаева деген аты болатын. Сондықтан оны сөзсіз таныдым. Жасы отыздың төңірегінде. Шоу-бизнес үшін мерзімі өткен “тауар” деуге болады. Бірақ іргетасы бар деп ойладым. “Мен де енді бастап келе жатқан адаммын. Соңы қалай болатынын білмеймін. Бірақ сені қазіргіден де жақсы ететінім сөзсіз” деп жауап бердім мен. Сөйтіп бірге жұмыс жасадық. Бір-бірімізден үйрендік. “Айгүл, концертте балетпен бірге билейсің” дедім. “Есің дұрыс па? Мен билей алмаймын ғой” деп еді, “үйренесің” деп бойбермедім. Сөйтіп, билеп шықты”, – деді ол.

Сонымен қатар әншінің имиджін өзгерткеніне тоқталды.

“Бұл қызға не кигізбедік?! “Кеудеңді аш. Сенің әдемі кеудең бар, әртіс емессің бе, барлығын көрсету керек” десем, Айгүл “ұят болады” деп қоймайды. Сөйтіп, белін қылдырықтай қылдым, кеудесін, иығын аштым. Аяғын да ашқыздым”, – дейді Баян Алагөзова.