Ақтөбеде 9-сынып оқушысы апат салдарынан ауыр халде ауруханаға түсті

4 қазан, 2023 / Меруерт Сағымхан
stan.kz
Жол апат Қарғалы тұрғын алабының 3-шағынауданында болды.

Ақтөбеде жол апаты салдарынан 9-сынып оқушысы ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін Қарғалы тұрғын алабының 3-шағынауданында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

ІІМ мәліметінше, Lada Granta автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 2008 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қаққан.

 

Тэгтер:

Аурухана Ақтөбе Жол апаты 9-сынып