Жаңалықтар

Абай облысының тұрғыны 44 жыл бойы құжатсыз жүрген

Тұрғын кеңестік қызыл паспортпен өмір сүрген.

Абай облысында 44 жыл бойы құжатсыз жүрген тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Көкпекті ауданының полиция бөліміне 44 жыл құжатсыз өмір сүріп жүрген 62 жастағы тұрғын жүгінді. Ол аудан орталығынан алыс мекенде тұратындықтан, сондай-ақ аса қажеттілік болмағандықтан жеке басын куәландыратын құжаттарын алмаған.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, ұзақ жыл бойы ол кеңестік қызыл паспортпен өмір сүрген, 90-жылдары полицияға жүгініп, рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімін алған.