Жаңалықтар

Паранжамен тұмшаланған қаршадай қыздар, сақалын жалбыратқан ұлдарды көргенде қабырғаң қайысады – Аманжол Әлтай

"Дәстүрге суарылмаған, білімге бағытталмаған дін – ақымақтың қолына ұстатқан қару секілді".

Біз Парламенттегі ең ірі Фракция ретінде де, ұлтты бөлетін, арамызға жік салатын қозғалыстарды да жөнге келтіре алатынымыз анық. Елді ушықтыруға жол бермейміз. Дүрбелеңі көп, бүгінгі аласапыран қоғамда ұлттық асыл мұраларымыз – салт-дәстүрлерімізге деген шабуыл көбейіп барады. Әсіресе, жастарды соқыр фанатизмге, радикализмге итермелейтін жат ағымдардың қатары күн санап артуда. Бұл тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызға төнген қауіп, – деді Аманжол Әлтай Мәжілістің жалпы отырысында.