ЕАЭО аумағында аудитор қызметінің бірыңғай нарығы қалыптасады
Келісімге 2022 жылғы 19 сәуірде Мәскеуде қол қойылған. Бүгін Мәжіліс депутаттары оны ратификациялап, Сенаттың қарауына жолдады.
ЕАЭО аумағында аудитор қызметінің бірыңғай нарығы қалыптасады, деп хабарлады turkystan.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы ратификациялық келісім осыған бағытталған. Сонымен қатар мүше мемлекеттерде оны жүзеге асыру мен реттеудің бірыңғай тәсілі қамтамасыз етіледі.
Құжат нормалары ұйымдық мәселелерді реттейтін баптар мен аудит саласындағы әкімшілік ынтымақтастық туралы қосымша келісім күшіне енгеннен кейін толық көлемде жұмыс істейтін болады.
Келісімге 2022 жылғы 19 сәуірде Мәскеуде қол қойылған. Бүгін Мәжіліс депутаттары оны ратификациялап, Сенаттың қарауына жолдады.