Жаңалықтар

Жеке деректердің таралып кетпеуіне ХҚКО қызметкерлері жауапты болады

ашық дереккөз

Сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға Е-Өтініш ақпараттық жүйесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру құзыретін беру көзделіп отыр.

Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекеттік корпорация мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады turkystan.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оған мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңтайландыру және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысын жетілдіру мақсатымен депутаттар бастамашылық жасаған.

Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін және дербес деректерге қол жеткізе алатын қызметкерлері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіріледі. Бұл қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәртебесі өзгертілмек. Корпорация фронт-офистердің жұмысы және қосымша сервистерді іске асыру бөлігінде мемлекеттік қызметтердің жалғыз операторы мәртебесінен айырылады. Сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға Е-Өтініш ақпараттық жүйесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру құзыретін беру көзделіп отыр, – деп жазылған ақпаратта.

Заң жобасы аясында 16 заңнамалық актіге, оның ішінде Қылмыстық және Жер кодексіне түзетулер енгізу ұсынылады.