"Тірі өлікке айналдық": Иракта тойында өрт шығып, 115 адам қаза тапқан жас жұбайлар сұхбат берді (ВИДЕО)
Екі жақ та кем дегенде 25 туысынан айырылған.
Үйлену тойында өрт шығып, 115-ке жуық адам қаза тапқан ирактық жас жұбайлар Реван мен Ханин қайғылы оқиғадан кейін Sky News-ке сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz
Журналистермен тек 27 жастағы Реван сөйлесті, оның 18 жастағы әйелі есеңгіреп қалған. Екі жақ та кем дегенде 25 туысынан айырылған.
"Ол сөйлей алмайды. Біз алдыңызда тірі отырғанымыз рас. Бірақ біз іштей өліп, тірі өлікке айналдық. Есеңгіреп қалдық", - дейді ер адам.
Сонымен қатар, күйеу жігіт қалыңдықты өрттен қалай құтқарғанын айтты.
"Мен оны сүйреп, ас үйден сыртқа шығаруға тырыстым. Оның аяғы жарақаттанды", - деді Реван.
Естеріңізге сала кетейік, 27 қыркүйекте Ирактағы үйлену тойында өрт шығып, шамамен 115 адам қаза тауып, тағы 150 адам зардап шеккен болатын.