14 жастағы жасөспірім сауда орталығында атыс шығарды
Төрт адам жарақат алған.
Таиланд астанасы Бангкоктағы «Сиам Парагон» сауда орталығында болған атыстан үш адам қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.
Одан бөлек, төрт адам түрлі жарақат алған, оның ішінде шетелдіктер бар. Сауда орталығын аралап жүргендерге тапанша кезеп, шабуыл жасады деген күдікпен 14 жастағы жасөспірім қамауға алынды. Әзірге жасөспірімнен не себептен мұндай әрекетке барғаны белгісіз.