Асыланбек Шымбергенов атышулы жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады
Асыланбек Шымбергенов Азия ойындарында бүгін жартылай финалдағы кездесуін өткізді.
Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарындағы жеңілісінен кейін Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Мен үшін Азия ойындары осымен аякталды. Жанкүйер болып, қолдағандарыңызға үлкен рақмет» деп жазды боксшы.
Айта кетейік, 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалдық кезеңінде отандасымыз жапондық спортшы Севон Окадзавамен кездесіп, төрешілер шешімі бойынша қарсыласына есе жіберді. Алайда бұл бокссүйер қауымның наразылығын тудырды. Осылайша, Асыланбек Шымбергенов Азия ойындарында қола медаль алды.