Астанада баспалдақтан құлаған оқушы ауруханадан шықты
№ 14 мектеп-гимназияда баспалдақтан құлап, жарақат алған бала емдеу мекемесінен шығарылып, үйіне жіберілді.
Астанадағы № 14 мектеп-гимназиясында баспалдақтан құлап, жарақат алған оқушы ауруханадан шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, № 14 мектеп-гимназияда баспалдақтан құлап, жарақат алған бала емдеу мекемесінен шығарылып, үйіне жіберілді.
«Ол жазылып, үйіне шықты. Біздің білуімізде, баланың жағдайы жақсы», - деп хабарлады басқармадан.
Балаға қосымша медициналық бақылау қажет пе, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Баланың алған жарақаттарына байланысты көру қабілетінің төмендеуі мүмкін бе, жоқ па, бұған қатысты да ешқандай ақпарат жоқ.