Жаңалықтар

Қостанайда дәрігерлер баласы мүгедек болып қалған әкеге 10 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді

ашық дереккөз

Жітіқара аудандық ауруханасынан 10 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілген.

Қостанай облысында сот дәрігерлерді мүгедек баланың әкесіне 10 миллион теңге төлеуге міндеттеді деп хабарлайды turkystan.kz Qostanay.TV-ға сілтеме жасап.

Сегіз айлық ұлы науқастанып қалған ер адам аудандық ауруханаға барған. Аудандық аурухана оларды облыстық балалар ауруханасына жіберген. Ер адамның айтуынша, емдеу кезінде диагноз уақтылы қойылмаған, соның кесірінен бала мүгедек болып қалған.

Сот-медициналық сараптама емдеу шарасы мен баланың мүгедектігі арасында байланысты растамаған. Дегенмен, баланың анасы жүкті болғанда тексерген аудандық аурухананың кінәсі бары анықталған.

Ер адамның талабы ішінара қанағаттандырылды.