Жаңалықтар

Қалааралық такси жүргізушілеріне талап күшейеді – министрлік

gazeta.uz

Өңіраралық жолаушыларды тасымалдайтын Индрайвер, Яндекс такси қызметіне ендігіде талап күшейтіледі.

Бұл жөнінде Ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Марат Қожаев талапты қатаңдату мәселесі қаралып жатқанын айтты.

«Жол қауіпсіздігін қамтудағы тағы бір проблема – жолаушыларды заңсыз тасымалдаушылар. Таксистер пайда табу үшін тоқтаусыз, ұйқысыз және демалыссыз қалалар арасында қатынайды. Жол қауіпсіздігі үшін, бұл – қауіпті. Кейбір көліктер тозған, ұзақ жолға шыдамайды», - деді Ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев.

Оның айтуынша, такси жүргізушілері адамдарды тасымалдауда жол ережелері талаптарын орындамайды. Сондықтан министрлік такси жүргізушілеріне талапты күшейтпек.

«Жолға шығар алдында медициналық және күнделікті автокөлікті тексеру, жылына 2 рет техникалық байқаудан өту, сондай-ақ жүргізушінің рөлде 8 сағаттан артық отырмауын қарастыру керек», - дейді ол.