Жаңалықтар

Әнші Бүркіт әйелімен қалай танысқанын айтып берді

ашық дереккөз

Өнер иесі әйеліне екі жыл бойы қол жеткізе алмағанын жеткізді.

Әнші Бүркіт «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында әйелі Аишамен қалай танысып, отбасы құрғанын айтып берді.

«Отыз жастан асып кеткенде, әке-шешем, бауырларым, туыстарым көрген сайын «қашан үйленесің?», «қашан тойыңа барамыз?» деп сұрай беретін. Ол кезде мен татар ұлтының қызымен кездесіп жүрдім. Екі жыл жүрдік. Олар соншалықты әдемі болады. Бірақ, қабағына қарап жүресің. Қашан күледі екен деп сыйлық әперіп әуреленесің. Бір күні бәрінен шаршап кеттім. Мешітке барып біраз жыладым. «Егер қиналсаң, Алладан сұра. Беретін нәрсеңді береді» деп ағам айтқан. Сол есіме түсіп, мешітте «үйленетін ниетім бар. Мына қыз менің тағдырымда бар болса, үйлендір немесе үйленетін қызға кездестірші» деп тіледім.

Тура бір аптадан кейін туған күнімді жасап, достарымызбен бас қостық. Бір танысым өзімен Аишаны ертіп келген болатын. Сол сәттен бастап бәрін ұмыттым ғой. Татар қыз жайына қалды. Аишаның артынан екі жыл жүгірдім. Қарамай жүрді. Ақырында «маған үйленші» деп өзі келді ғой», - деді Бүркіт.