Жаңалықтар

Бесінші сыныптың жеті бірдей оқушысы шоколад жеп уланып қалған

www.rzn.info

Үзіліс кезінде сыныптастарына таратқан.

Мәскеу облысында 5-сыныптың жеті бірдей оқушысы үзіліс кезінде шоколад жеп, уланып қалған, деп хабарлады turkystan.kz Baza телеграм арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 5-сынып оқушысы туған күні болған соң, сыныптастарына «Альпен гольд» шоколадын таратқан. Алайда бірнеше сағаттан соң олар сабақ кезінде өздерін жайсыз сезінгенін айтып, ауруханаға жеткізілген.

Шоколадтың жарамдылық мерзімі өтпеген. Экспертизаға жіберілді.