Миы шайқалған: Алматы облысында мұғалім 13 жастағы баланы ұрды деп айыпталды
Жапа шеккен баланың анасы мұғалім Айдос Сапарбаев өз іс-әрекетіне заң алында жауап беруін сұрап отыр.
Алматы облысы Жамбыл ауданы Таңбалы тас ауылында Арлан есімді бала мұғалімінен зәбір көрген. Анасының айтуынша, дене шынықтыру пәні мұғалімі баланы ұрып-соққан. Бала осы жағдайдан соң, бас ми жарақатын алып, миы шайқалған, деп хабарлады turkystan.kz KYN.KZ- ке сілтеме жасап.
Жапа шеккен баланың анасы мұғалім Айдос Сапарбаев өз іс-әрекетіне заң алында жауап беруін сұрап отыр. Оның айтуынша, сабақ үстінде мұғалім баласын ұрып-соққан. Соның салдарынан қазір бала бас ми жарақатын алған.
«Құлағымнан бұрап, мойнымнан ұстап, басымнан ұрды. Ол маған қатты тиді, содан соң мені тепті», - дейді Арлан. Баланың сыныптастары да болған оқиғаны растап тұр. «Айдос ағай бірінші оның құлақ шекесінен ұрды», - дейді олар.
Ал кінәлі деп танылған дене шынықтыру пәнінің мұғәлімі Айдос Сапарбаев бұның бәрін жоққа шығарды. Ол баланы мүлдем ұрмағанын айтты. Оқиға орын алған білім ордасының директоры болған жағдаймен таныс екен. Ол мұғалім балаға зиян келтірмеді деп отыр.