Жаңалықтар

Құран байқауында жас қари жаңа көлік жеңіп алды

80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблязимов, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ақтау қаласындағы «Бекет ата» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық байқауы мәресіне жетті.

80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблязимов, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сонымен қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:

 

 

 

Еске сала кетейік, екі күнге созылған Құран байқауы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде және «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан онлайн көрсетілді.