Еден жуу инсульт пен инфаркт қаупін азайтады – зерттеу
1-3 минуттық физикалық белсенділік жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупін 29%-ға төмендететінін анықтаған.
Еден жуу инсульт пен инфаркт қаупін азайтады, деп хабарлады turkystan.kz аустралиялық The Lancet Public Health зерттеуіне сілтеме жасап.
Австралия ғалымдары зерттеу жүргізіп, 1-3 минуттық физикалық белсенділік жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупін 29%-ға төмендететінін анықтаған.
Бұл ретте физикалық белсенділіктің 97%-ы – кездейсоқ әрекет, яғни, үй шаруасы, баспалдақпен көтерілу, еден жуу, тазалау.
Ғалымдар тек спортпен шұғылдану ғана емес, еден жуу және үй тазалау сияқты үй шаруасымен жиі айналысуға кеңес беріп отыр.